Зерттеу топтарынан өтінімдерді қабылдау

Колумбия университетінің Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының AmanBol жобасы, «Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы» ҚҚ және ЮНЕСКО Алматы ЮНЕСКО БАТИ-мен ынтымақтастықта, зерттеу командаларын

АИТВ (ВИЧ) туралы хабардар болу, АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпараттың өзектілігі мен көздері, АИТВ-мен ауыратын адамдарға көзқарас, сондай-ақ әртүрлі нысаналы аудиториялар арасында медиа тұтыну тақырыптарына өзара қосымша бірнеше зерттеулер

жүргізу үшін өтінімдер беруге шақырады. Зерттеушілер және/немесе зерттеушілер тобы бір, бірнеше немесе барлық мақсатты аудиториялармен жұмыс істеу үшін шешім ұсына алады.

Осы зерттеу жалпы халықтың және қоғамдастықтардың АИТВ және ЖЖБИ, неғұрлым қауіпсіз мінез-құлық, АИТВ-ның алдын алу, тестілеу (өзін-өзі тестілеуді қоса алғанда) және емдеу туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ көмек алуға жүгінуге болатын ресурстар мен ұйымдар бойынша орыс және қазақ тілдерінде ақпараттық, коммуникациялық және білім беру жұмысын жолға қоюға негіз болады.

Болжама бюджет пен зерттеу тұжырымдаманы ұсынудың соңғы мерзімі: 08 желтоқсан, 23.59
Электрондық пошта: amir.shaikezhanov@ghrcca.org
Зерттеу мерзімі: 2021 желтоқсан
Зерттеу нәтижелері туралы есеп беру мерзімі: 2021 желтоқсан – 2022 қаңтардың бірінші жартысы
Зерттеу тілі: орыс және қазақ

Байқау нәтижелері бойынша 5-7 өтінім іріктеледі. Зерттеуші және зерттеу топтары төменде көрсетілгендердің бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша зерттеу жүргізуге өтініш бере алады.

Зерттеулер сапалық және сандық әдістерді (кабинеттік зерттеу (бұрын жүргізілген зерттеулерге шолу); Фокус-топтар; Онлайн-сауалнама және пікіртерімдер және т.б.) біріктіре алады. Сауалнамалар мен фокус-топтарды жүргізу кезінде осындай зерттеулерді жүргізу бойынша халықаралық нұсқаулықтарды ұстану, сондай-ақ ерлер қауымдастығымен жұмыс істейтін, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлердің (ЕЖЕ) және трансгендерлі адамдардың өкілдерін тарту қажет. Нұсқаулықтар мен пайдалы әдебиеттердің мысалдары төменде келтірілген және толықтырылады.

Зерттеу барысында біз үшін нені анықтау маңызды болар еді?

1-аудитория: орыс тілді 18-45 жас арасындағы ересектер
2-аудитория: қазақ тілді 18-45 жас арасындағы ересектер
3-аудитория: орыс тілді ЕЖЕ
4-аудитория: қазақ тілді ЕЖЕ
5-аудитория: орыс тілді трансгендерлі адамдар
6-аудитория: қазақ тілді трансгендерлі адамдар

1) АИТВ туралы білім (адамдар АИТВ туралы не біледі? НЕНІ білмейді?)
- АИТВ қалай беріледі және берілмейді [өту жолдары],
- АИТВ инфекциясын қалай алдын алуға болады (профилактика, оның ішінде байланысқа дейінгі (БДП) және байланыстан кейінгі (БКП) - кімге ұсынылады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, БДП және БКП пайдалануға қолжетімділігі мен дайындығы),
- АИТВ-ға тестілеудің қандай әдістері қолжетімді және АИТВ-ға тексерілу неліктен маңызды (тестілеу, оның ішінде өзін-өзі тестілеу - артықшылықтары, қолжетімділігі және пайдалануға дайындығы),
- АИТВ қалай емделеді және емдеуді ерте бастау неліктен маңызды

2) АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпараттың өзектілігі және көздері (АИТВ және басқа ЖЖБИ туралы ақпарат қаншалықты өзекті, оны кімнен алады/алар еді)
- АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпарат қаншалықты өзекті (жұқтырудың жеке тәуекелдерін сезіну)
- АИТВ және ЖЖБИ туралы не қызықтырады / не туралы ақпарат жетіспейді (АИТВ және ЖЖБИ туралы; АИТВ-ға тексеруді тегін / ақылы түрде өтуге болатын мекемелер туралы, достас дәрігерлердің, психологтардың, тең кеңесшілердің байланыс нөмірлері, АӨА-ларға көмек көрсететін қоғамдық ұйымдардың байланыс нөмірлері)
-қандай көздерден (Интернет, әлеуметтік желілер, достар, туыстар, дәрігерлер, ТВ, онлайн-БАҚ және т. б.) және қандай жағдайларда АИТВ, ЖЖБИ және неғұрлым қауіпсіз мінез-құлық (жұқтыру қаупін азайту)туралы ақпарат алады және алар еді

3) АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көзқарас (стереотиптер мен мифтер, стигма және кемсітушілік, халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітуді қоса алғанда)
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынас жасауға, дос болуға, жұмыс істеуге, оқуға, көрші/бір отбасында өмір сүруге дайын болу/дайын болмау
- өз балаларын АИТВ-мен өмір сүретін адамдар оқитын сыныпта/мектепте немесе ЖОО-да оқытуға қатынасы

1-аудитория: орыс тілді 18-45 жас арасындағы ересектер
2-аудитория: қазақ тілді 18-45 жас арасындағы ересектер
3-аудитория: орыс тілді ЕЖЕ
4-аудитория: қазақ тілді ЕЖЕ
5-аудитория: орыс тілді трансгендерлі адамдар
6-аудитория: қазақ тілді трансгендерлі адамдар

4) медиа тұтыну (адамдар әртүрлі мақсаттарда қандай медианы жиі пайдаланады, қандай ақпаратқа және қандай медиаға сенеді, ақпаратты берудің қандай нысаны оларды қанағаттандырады)

4.1. адамдар қандай медианы пайдаланады:
a. "тәуекелі зор жағдайға" тап бола отырып та, оған байланысты емес жағдайда да денсаулық туралы ақпарат алу (жыныстық денсаулық, ЖЖБИ және АИТВ, олардың алдын алу, тестілеу және емдеу тақырыптарын қоса алғанда);
b. жұп табу немесе романтикалық қарым-қатынас орнату;
c. жай көңіл көтеру (мем, поп-мәдениет, хобби және т. б.);
d. жаңалықтарды білу.
Маңызды аспект: контентті тұтыну тілі (негізінен орыс, негізінен қазақ, орыс және қазақ тілдері)

4.2. ақпаратқа деген сенім, медиа сайттар мен тұтынылатын мазмұнның сипаттамалары
a. Жыныстық денсаулық (АИТВ, ЖЖБИ), жыныстық қатынастар туралы қандай ақпарат сенім береді және не үшін? Қандай ақпарат алаңдатады және күдік тудырады?
b. Контентте не жетіспейді? Контент ішінде не болуы керек және не болмауы керек?
c. Мұндай контенттің ұсыну формасы мен визуалды дизайны қандай болуы қажет?
d. Қандай сарапшылар мен инфлюенсерлер сенім тудырады? Өзіне назар аударады?

4.3. Жыныстық және репродуктивті денсаулыққа, контрацепцияға, ЖЖБИ мен АИТВ-ға байланысты ақпаратты іздеуге және/немесе анықтауға арналған түйін сөздер

Зерттеу нәтижелері бойынша қандай қорытындылар алуды мақсат етеміз:
- респонденттердің портреттері (әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, медиа тұтыну, кейбір мінез-құлық және дүниетанымдық көзқарастар)
- әрбір мақсатты аудитория бойынша алынған деректердің жиынтық және егжей-тегжейлі талдауы
- негізгі қорытындылары бар жүргізілген зерттеулер туралы есеп
Мысалы

Референстер (*тізім толықтырылуда):
"Кыргыз Индиго" зерттеуі: гейлер, бисексуалдар және трансгендерлік адамдардың АИТВ-инфекциясынығ байланысқа дейінгі, байланыстан кейінгі алдын алу және АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу туралы хабардар болуы
FHI 360 Going Online құралы: A Budgeting and Programming Aid for Virtual HIV Interventions
WHO's Biobehavioral survey guidelines for populations at risk for HIV
o Section 3 – ethical considerations (p.25)
o Section 5 – questionnaire development (p.36)
o Section 9 – sampling strategy (p.68)
o Section 11 – population size estimation (p.109)
o Section 12 – supplemental studies (p. 121)
https://ok.ru/app/hiv-2018 тест-ойыны (Одноклассники желісінде белсенді аккаунт болуы тиіс, тест мәтіні сұрау бойынша ұсыныла алады)
● «II» https://film-two.me фильмінің лендингінен АИТВ және ұқсас тақырыптар туралы тест